Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы өнеркәсіпте де, ауыл шаруашылығында да әлеуетке ие өңір ретінде экономиканың барлық салалары бойынша жыл сайын тұрақты өсімін көрсетіп келеді. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өңірде барлық бағыттар бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамунда оң беталыстар сақталып отыр, деп жазады primeminister.kz.
Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша, 2019 жылдың 11 айының қорытындысында, өңір экономикасы 105,2% құрады. Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 6,3%-ға, ауыл шаруашылығы 4,6%-ға, құрылыс 1,9%-ға, көлік 4,3%-ға, сауда 7,9%-ға, байланыс 7%-ға артты. Негізгі капиталға инвестициялар 10,5%-ға өсті.
Ауыл шаруашылығы: өнім өсімі бойынша бірінші орында
Ел өңірлері ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өсімі бойынша Жамбыл облысы бірінші орында.
Жамбыл облысы бойынша 2019 жылғы қаңтар-қараша айларында ауыл шаруашылығы жалпы өнімдерінің көлемі 300,2 млрд теңгені құрады, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімдерінің көлемі 178,5 млрд теңге, мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 119,9 млрд теңгені құрады.
Егіс алқабы 18 мың га ұлғайтылып, 687 мың га жетті, қарқынды бақтар аумағы 40%-ға артты (1029 га). Қант қызылшасының түсімділігі 135 мың тонна шегіне жетіп, 7%-ға ұлғайды. Қант қызылшасының өндірісін дамыту үшін қуаттылығы жылына 148 мың тонна болатын заманауи қант зауытының құрылысы басталды. 55 кооператив жұмысының аясында 13,3 мың тонна сүт, 4,5 мың тонна ет өндірілді. Қой еті экспорты 972 тоннаға дейін ұлғайтылып, республика экспортының 37% құрады.
Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының инвестициялық тартымдылығы артып келеді. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 2019 жылдың 11 айында 23,7 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштерден 18,1%-ға артық. Тамақ өнімдері өндірісіне 6,5 млрд теңге инвестиция тартылды, өсім 133,1% құрады.
Биыл агроөнеркәсіптік кешенді қолдау үшін барлық қаржыландыру көздерінен 30,4 млрд теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 20,2 млрд теңге, жергілікті бюджеттен - 10,2 млрд теңге. Өткен жылмен салыстырғанда 12,4 млрд теңгеге өсім байқалуда.
Салада өнім сапасын арттыруға және шығындарды азайтуға бағытталған жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. 2019 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі 2018 жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 108,9% құрады, яғни, бір жұмыскер орта есеппен 291,1 мың теңгеге ауыл шаруашылығы өнімін шығарады.
Өндірістің оң қарқынына және бәсекеге қабілеттіліктің артуына байланысты экспортты ұлғайту жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Биыл 1500 тонна сиыр еті мен 2000 тонна қой етін экспортқа шығару жоспарланған. Жыл басынан бері 2211,7 тонна ет Иран, Бахрейн, Катар, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстанға жіберілді (1205,3 тонна сиыр еті және 1006,4 тонна қой еті).
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 77,6 мың тоннаны құрады. Оның ішінде:
- 1,3 тонна ірі қара мал Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға $2,4 мың қаржыға экспортталды;
- ірі қара мал және ұсақ қара мал еті 711 келі көлемінде $3,7 мың қаржыға Бахрейн, Кувейт, Оман, Иран және Ресейге экспортталды;
- 22,7 тонна картоп $1,7 мың қаржыға Тәжікстанға, Өзбекстан мен Украинаға экспортталды, ал $4,1 млн-ға 29,6 тонна пияз Әзербайжанға, Молдоваға, Украинаға, Австрияға, Грузияға, Иракқа, Латвияға, Литваға, Моңғолияға, Польшаға, Сербияға, Түркияға, Эстонияға, Беларусь пен Ресейге бағытталды;
- 2,7 тонна биологиялық және меслин өнімдері $371 мыңға Тәжікстанға, Өзбекстанға және арпа Өзбекстанға және Иранға экспортталды;
- 4,1 тонна мал азығы $1,1 мыңға Тәжікстанға, Өзбекстанға, Қырғызстанға және $1,6 млн-ға 1,4 тонна сұйық май Өзбекстанға, Бельгияға, Германияға, Қытайға, Нидерланды мен Жапонияға экспортталды.
Облыстың өнеркәсібінде 41,8 мың адам жұмыс істейді
Өнеркәсіптік өндірісті әртараптандырудың негізі және өңірдің басым саласы - үлесі 74%-дан асатын өңдеу өнеркәсібі.
Облыстың өңдеу өнеркәсібі негізінен 6 негізгі сала бойынша ұсынылған, олардың жалпы көлемдегі үлесі 98%-дан асады:
- химия өнеркәсібі (47%);
- азық-түлік өнімі (17,2%);
- металлургия өнеркәсібі және дайын металл бұйымдарын өндіру (15,4%);
- өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі (11,6%);
- мұнай өнімдерін өндіру (4,2%);
- машина жасау (2,7%).
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында облыста өңдеу өнеркәсібінің көлемі 319,5 млрд теңгені құрады немесе өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 107% құрады.
Өнеркәсіп өнімінің өсуі келесі өңдеуші өнеркәсіп секторларында байқалды: мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 17,9%-ға, химия өнеркәсібі - 20,5%-ға, дайын металл өнімдері - 33,1%-ға және машина жасау - 2,9%-ға.
2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың өнеркәсіп саласында жұмыспен қамтылғандардың саны 41,8 мың адамды құрады, оның ішінде өңдеу саласында - 23,8 мың адам.
Бүгінгі таңда облыста 107 өнеркәсіптік кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 89 кәсіпорын.
50 инвестициялық жоба — 6700 жаңа жұмыс орны
Қазақстан Республикасының 2015-2019 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Жамбыл облысында жалпы құны 603,5 млрд теңге болатын 50 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Бұл жобаларды іске асыру шамамен 6 700 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді.
2015-2018 жылдары индустриаландыру аясында жалпы құны 46,8 млрд теңге болатын 27 жоба іске асырылды, онда 1842 жаңа жұмыс орны ашылды.
2019 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында құны 5,9 млрд теңгені құрайтын 5 жоба жүзеге асырылып, 191 жаңа жұмыс орны ашылды. 2020 жылы жалпы құны 195 млрд теңгені құрайтын 15 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, онда 1800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.
Бүгінгі таңда өңірде жоспарлау сатысында минералды тыңайтқыштар өндірісін құру жобалары бар, мысалы, құны 570 млрд теңге болатын "Kazchemicals" ЖШС және жалпы құны 380 млрд теңге болаты "Еврохим-Қаратау" ЖШС. Сондай-ақ Республиканың қажеттіліктерін қанағаттандыратын және импортты алмастыруды қамтамасыз ететін "Qazaq soda" ЖШС - қуаттылығы жылына 400 мың тоннаға дейін кальцийлендірілген сода шығару жобасы.
Премьер-министр А. Маминнің Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Сарысу ауданының Жаңатас қаласында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Жамбыл облысының әкімдігі мен әлемдегі жетекші минералды тыңайтқыштарды өндірушілердің бірі "ЕвроХим" МХК» АҚ арасында минералды тыңайтқыштарды шығаратын зауытты салу және пайдалануға беру туралы инвестициялық келісімге қол қойылды.
Фосфоритті ұн өндіретін учаскенің басшысы Нұрлан Қашқынбеков атап өткендей, «ЕвроХим» Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау фосфорит бассейнінің екі кен орнын игеруде. Компания кен өндіруді 2014 жылы бастады, 2016 жылы жоба жылына 640 мың тонна фосфорит кенін шығарумен толық қуатына жетті. "ЕвроХим" қазіргі таңда Қазақстаннан фосфорит ұнын Краснодар өлкесіндегі "Белореченские минудобрения" өз зауытына жеткізеді, мұнда ол фосфат және күрделі минералды тыңайтқыштар шығару үшін қолданылады.
«Фосфоритті ұн өндірісі – Қазақстан Республикасының артықшылықтарының бірі. Біздің кәсіпорын маңызды өнеркәсіптік нысандардың бірі болып саналады. Кәсіпорын қызметкерлерінің өздерінің жалақыларына көңілдері толады. Жабдыққа қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы – Жаңатас қаласының байырғы тұрғындары», — деді Н. Қашқынбеков.
Сондай-ақ, жұмыс сапары кезінде премьер-министр құны 50 млрд теңге болатын Жаңатас жел электр станциясының құрылысы жобасымен танысты. Бірінші кезеңде оның қуаттылығы 100 МВт құрайды, екінші кезеңде 200 МВт болады. Қазіргі уақытта 19 жел генераторы орнатылды, 2020 жылдың бірінші тоқсанында олардың саны 40-қа дейін жеткізіледі.
"Жаңатас жел электр станциясы" ЖШС-нің өңірлік жоба менеджері Наурызбек Жұмағазиннің айтуынша, құрылысқа 300 жұмысшы тартылған. Іске қосылғаннан кейін шамамен 30 адам жұмысқа тартылады, негізінен жергілікті тұрғындар қатарынан болмақ.
Электр энергиясының жылдық өндірісі сағатына 340 МВт құрайды. Бұл Қазақстан мен Орталық Азиядағы осындай үлкен қуаттылықтағы алғашқы жел электр станциясы болады, - деді Н. Жұмағазин.
Қант, макарон, өсімдік майы: азық-түлік өнеркәсібі қалай дамуда
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында тамақ өнімдерін өндіру көлемі 54,8 млрд теңгені құрады немесе 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 97,7%. Өңдеу өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 17,2% құрады.
Салада 24 тамақ өнеркәсібі кәсіпорны жұмыс істейді. Саланың негізгі өнім өндірушілері - Тараз және Меркі қант зауыттары, олардың үлесіне саладағы өнімнің 50% астамы тиесілі. Сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорындар сәтті жұмыс істейді: "Бурненская молочная компания" ЖШС және "Меркі ірімшік зауыты" ЖШС. Макарон өнімдерін шығарумен "Mark of profection" ЖШС, «"Та-Мак" ЖШС, "Rola-7" ЖШС сияқты кәсіпорындар айналысады; "Kaz-Ir-Agro" ЖШС жоғары сапалы өсімдік майын шығарумен айналысады.
Азық-түлік өнімдерінен мыналар экспортталады:
- ет өнімдері (Иран, Оман, БАӘ және т. б.);
- макарон өнімдері (Түрікменстан, Өзбекстан);
- өсімдік майы (Бельгия, Нидерланды, Жапония, Өзбекстан және т.б.).
Премьер-Министр Асқар Мамин Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында "Сәуле" кондитерлік фабрикасының 3-ші өндірістік желісінің іске қосылуына қатысты, кәсіпорын қосымша 70 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Жеке кәсіпкер Тараздағы «Сәуле» кондитерлік фабрикасын қалпына келтіруге 850 млн теңге қаражат салды. Заманауи жабдықты іске қосу кәсіпорынның қуаттылығын 4,5 мың тоннадан 12 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өнімдерді экспорттау жоспарлануда. «Сәуле» кондитерлік фабрикасының бас технологы Максим Гришишин атап өткендей, болашақта жаңа корпус салып, жаңа өндірістік желілерді сатып алу жоспарлануда.
Фабрикада вафли шығару бойынша екі желі іске қосылған. Бұл жылтыратылған және жылтыратылмаған вафлилер. Сонымен қатар, печенье шығаратын желіні іске қостық. Бұл қантты және қатты иленген печенье шығаратын өте үлкен қуатты желі. Біздің кәсіпорында бүгінде 136 адам жұмыс істейді. Біз сондай-ақ Жаңа жылдан кейін іске қосуды жоспарлап отырған, жылтыратылған грильяж өндіру бойынша төртінші желіні қарастырып жатырмыз, - деді М. Гришишин.
"Қарапайым заттар экономикасы" салаларының 53 жобасы қаржылық қолдау шараларымен қамтылған
«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын жүзеге асыруда Жамбыл облысы республика бойынша екінші орында. 2019 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша, жалпы құны 70,5 млрд теңге болатын 112 жобаның ішінде банктер 22 691 млн теңгеге 53 жобаны мақұлдады. 45 854 млн теңгеге 18 жоба қарастырылуда. 30 жоба 820,2 млн теңгеге қаржыландырылды.
Ірі жобалардан мақұлданғаны:
- «Talas Investment Company» ЖШС;
- «SuperPharm» ЖШС;
- «QazStonePaper» ЖШС.
Қаралу сатысында:
- «Қазфосфат» ЖШС;
- «Алель Агро» АҚ 1-кезең;
- «Гамбург» ЖШС;
- «Агроспецстрой» ЖШС;
- «KazMeatKorday» ЖШС.
ШОБ-те 125 мыңға жуық адам жұмыс істейді
2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 604 бірлікті құрады, тіркелгендердің жалпы санынан үлесі 81,2% құрайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны 10,2%-ға артты.
Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандардың саны 124 685-ке жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,8%-ға көп.
2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ШОБ субъектілері 167 млрд теңгенің өнімін (жұмыс, қызмет) өндірді.
Статистикаға сәйкес, осы жылдың қаңтар-маусым айларында ШОБ жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17,7% құрады, жалпы қосылған құн — 119,3 млрд теңге.
Инвестициялардың жаңа толқынын тарту үшін бірыңғай экономикалық карта жасалуда
2019 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 250,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен (215,3 млрд теңге) салыстырғанда 10,5% өсімді қамтамасыз етті. Іске асырылу кезеңі 2020 жылдан 2025 жыл аралығын қамтитын, 11 400 жуық жаңа жұмыс орнын құрумен 2,7 трлн теңге сомасына 66 инвестициялық жобадан тұратын пул құрылды.
2019 жылы кәсіпкерлерге 8,6 млрд теңге сомасына микроқарыздар берілді.
Қолайлы инвестициялық климатты құру және облыстағы іскерлік белсенділікті ынталандыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында Тараз қаласында «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейтін заманауи фронт-офис ашылды, "Инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығы" жұмыс істейді. Барлық инвестициялық жобаларды "Инвесторларға қызмет көрсету орталығы" сүйемелдейді.
Облысқа инвесторларды одан әрі тарту үшін өңірдің мамандануы мен әлеуетін анықтайтын бірыңғай экономикалық карта жасалуда. Картада бос жер телімдері, табиғи ресурстар және инфрақұрылым нысандары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Сонымен қатар, Жамбыл облысында "Тараз» химиялық паркі" АЭА құрылды, онда қатысушыларға салықтық, кедендік және басқа да жеңілдіктер ұсынылады. Қазіргі уақытта АЭА басқару компаниясы АЭА аумағына инвестициялар мен жаңа қатысушыларды тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.
Бүгінгі таңда «ХимПарк Тараз» АЭА аумағында 6 қатысушы тіркелген, олар 7 өндірісті іске қосуды жоспарлап отыр:
1. «Каустикалық сода мен хлор өндірісі»;
2. «Глифосат (гербицид) және үш хлорлы фосфор өндіру» жобалары бойынша интеграцияланған химиялық кешен;
3. «Өсімдіктер және микротыңайтқыштарды қорғау биологиялық жүйелерінің өндірістік кешені»;
4. «Табиғи газды кешенді қайта өңдейтін зауытын салу»;
5. «ДАФ/МАФ минералды фосфор тыңайтқыштарын өндіру»;
6. «Қант зауытын салу»;
7. «Автобустар мен жүк көліктеріне арналған болаттан жасалған қаңқалы радиалды шиналар өндірісі (TBR)»
Жобаларға жоспарланған инвестициялардың жалпы сомасы 648,3 млрд теңгені құрайды.
Көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 11 тұрғын үй нысаны салынып жатыр
Жыл басынан бері 430 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді. «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту мақсатында 11 жатақхана салынуда.
Тараз қ. әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы Төлеген Бейбосынов осы жатақханалардың салыну барысы туралы айтып берді. Оның айтуынша, қаладағы бірнеше шағын ауданда ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 1060 пәтерлі және 580 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілген, олар Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі арқылы сатылатын болады.
Аз қамтылған отбасыларға арналған жатақхана төрт блоктан тұрады. Әр блокта 45 пәтерден бар. Үйлердің құрылысы 2019 жылы тамыз айында басталған еді. Екі жатақхананы біз биыл желтоқсан айында пайдалануға бердік. Тағы екеуін 30 желтоқсанға дейін пайдалануға беруді көздеп отырмыз», - деді Т. Байбосынов.
Инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында биыл облыстағы 3 аудан орталығында 3 млрд теңге сомасына 108 жобаны іске асыру жоспарланған.Оның ішінде 104 жоба бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 4 әлеуметтік нысан құрылысы 2020 жылға көшеді.
Тұрғындардың табысын арттыру бойынша жоба 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Жобаны іске асыру аясында 10 ауданда пилоттық режимде 11 ауылдық округ айқындалған.
Жұмыспен қамтумен қамтамасыз ету: 11 айда 19 мыңға жуық жұмыс орны құрылды
"Еңбек" бағдарламасымен 36 мыңға жуық адам қамтылды, 27 мың адам еңбекке орналастырылды. 2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 18844 жұмыс орны құрылды, оның ішінде 11 500 — тұрақты. Жылдық жоспар 125,6%-ға орындалды. Барлық құрылған жұмыс орындары "Жұмыс орындарын құру картасы" ақпараттық жүйесіне толық енгізілген.
2019 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жұмыспен қамту шараларымен 41483 адам қамтылды (жылдық жоспар 35482 адам 116,9%-ға орындалды). Оның ішінде 30363 адам еңбекке орналастырылды, жоспар 107,2%-ға орындалды.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді оқытуға 3322 адам бағытталды, оның ішінде 2901 адам оқытуды аяқтады, оның 2017-сі (69,5%) еңбекке орналастырылды.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ауылдар мен қалаларда шағын несие беру үшін 1905 адамды қамту мақсатында 8,1 млрд теңге бөлінді.
А.ж. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ауылдық жерлерден 1548 адам жалпы сомасы 6471,5 млн теңнгеге шағын несие алды.
«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 3800 адамды оқыту жоспарланған. Жыл басынан бері 2789 адам оқытуға бағытталды, оның ішінде 2562-сі оқытуды аяқталды. Оның ішінде 479 адам шағын несие, ал 365 — қайтарымсыз гранттар алды.
Сонымен қатар, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 918 адам оқытуға бағытталды. Барлығы оқытуды аяқтады. 444-і қайтарымсыз грант алды.
Осы бағыт аясында 1783 адам 889,6 млн теғңге сомасына гранттар иеленді. Есепті кезеңде барлығы 1656 адам 837,4 млн теңге сомасына грант алды.
Үшінші бағыт аясында 1538 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілді, оның ішінде жұмыстарын аяқтаған 532 адамнан 450 адам (84,6%) тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. 2445 түлек жастар іс-тәжірибесіне жіберілді, жұмыстарын аяқтаған 1637 адамнан 1252 адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды (76,5%). 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоғамдық жұмыстарға 5168 адам тартылды.
Жамбыл облысынан еңбек күші жетіспейтін ел өңірлеріне 206 отбасы немесе 586 адам қоныс аударды.
Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүзеге асыру нәтижесінде өңірлік еңбек нарығында тұрақтылық сақталуда. 2019 жылдың ІІІ тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,8%, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,7% құрады. 2018 жылы жұмыссыздық деңгейі 4,9%, ал жастар жұмыссыздығының деңгейі 2,9% құрады.
Білім беру: үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді
Білім беру саласында өңірле 15 жекеменшік мектепке дейінгі білім беру ұйымы ашылды, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі 100%-ға жетті.
2 жыл ішінде 14 мектеп салынды, 4 апатты, 4 үш ауысымды және 6 орын тапшылығы бар мектептер мәселесі шешілді. Жергілікті бюджет есебінен үш ауысымды мектептер мәселесі толық шешілді.
Бүгінгі таңда 3 мектеп салынуда. 2020 жылы апатты мектептер мәселесі толық шешілетін болады.
Денсаулық сақтау: 95 медициналық мекеме салынды
Денсаулық сақтау саласында бірінші реттік медициналық нысандармен қамтылмаған 95 елді мекенде 2 жылда 95 нысан салынды, мәселе 100% шешілді. Сонымен қатар 200 орындық онкологиялық диспансер құрылысы жүріп жатыр, оның 2021 жылы аяқтау жоспарланған.
Медициналық ақпараттық жүйе барлық медициналық ұйымдамда енгізілген. Интернет желісіне 391 мекеменің 383-і (98%) қосылған. Тұрғындардың 95%-ның электронды денсаулық паспорты бар.
Салауатты өмір сүру салтын дамыту үшін облыста шағын спорт алаңдарына инвентаризация жүргізілді. Бүгінде қажеттілік 266 нысанды құрайды. Биыл 134 нысан салынған. Жыл соңына дейін тағы 40 нысан пайдалануға беріледі, қалған 92 нысанға байланысты мәселе 2020 жылы толыққанды шешілетін болады. Дене шынықтырумен айналысу үшін демешуілер есебінен 400 адамға арналған спорт кешені салынды, бюджет есебінен 2 спорт кешенін салу жұмыстары жүргізілуде.
Жамбыл облысына 100 мыңнан аса турист барды
Жамбыл облысы — көркем табиғатты, қайталанбас тарихи-мәдени мұраны, алуан түрлі флора мен фаунаны қамтыған айрықша әсем өңір. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұрасының тізіміне енгізілген бес мемлекеттік табиғи қорықтар мен бес мәдени ескерткіштің, сондай-ақ Дүниежүзілік аса туристік тартымдылыққа ие нысандар тізіміне енгізілген екі тарихи нысанның Айша бибі кесенесі мен Ақыртас сарай кешенінің болуы өңірді көптеген туристер үшін тартымды етеді.
Туризмнің дәстүрлі түрлерімен қатар, Жамбыл облысында туризмнің барлық дерлік қазіргі түрлері дамуда — тарихи-мәдени, қажылық, медициналық, этникалық, ат спорты, экологиялық т.б. Өңірде туристік және көлік инфрақұрылымын, отельдер желісі мен сервистік қызметтерді дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінде облыста туристік ағымдардың оң динамикасы байқалып отыр, 2019 жылдың 9 айында облысқа 109 075 шетелдік және қазақстандық турист келген.
Шетелдік туристерді тарту және тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы жағдайлар тудыру мақсатында үш туристік аймақ — "Көне Тараз" тарихи-этномәдени кешені, "Тектұрмас" этно-тарихи кешені, "Каралма" тау шаңғысы курорты пайдалануға берілді.
«КөнеТараз» тарихи-этномәдени кешенінің құрамына туристерге аймақтың мәдениетін, дәстүрін, тарихын түсінуге мүмкіндік беретін бірқатар нысандар кіреді: "Қолөнер және туризм орталығы", Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану орталығы", "Көркемөнер галереясы", "Облыстық тарихи-өлкетану музейі", "Ретро-фестиваль" амфитеатры, "Көрме павильоны" және 39 метрлік биіктіктегі мұнара сағаты.
"Тектұрмас" этно-тарихи кешені Тектұрмас тауының биік баурайында, Талас өзенінің жоғарғы жағалауында орналасқан. Бұл туристік кешен Тараз қаласының өмірінің барлық кезеңдерін ашатын бірнеше архитектуралық құрылымдардан тұрады, олар туристер мен облыс қонақтарына өңірдің тарихи оқиғаларының толық хронологиясын көруге мүмкіндік береді (Әулиеата ескерткіші, 14 қаған стеласы, байқау алаңы, Лауха стеласы, "Көне Тараз қақпасы").
"Қар-Алма" тау шаңғысы курорты Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы әсем «Қаралма» шатқалында, Батыс Тянь-Шаньның Талас жотасының солтүстік беткейінде теңіз деңгейінен 2400 метр биіктікте орналасқан. Ыңғайлы орналасу және клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін барлық қажетті инфрақұрылым жасалған. Кешеннің құрылымында еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 100 орындық 1 қонақ үй, әрқайсысы 70 орындық 2 мейрамхана, 30 орындық кафе, байқау алаңы, қызмет көрсету орталығы, әрқайсысы 100 көлікке арналған 2 тұрақ бар. Курорт күніне 6000-12000 келушіні қабылдай алады.
Сондай-ақ, Тараз қаласын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 6 мәдени демалыс және ойын-сауық орны пайдалануға берілді. Жергілікті бюджеттен инвестициялардың жалпы сомасы 3,5 млрд теңгені құрады.
Келесі жылы "Тектұрмас" этно-тарихи кешенінің екінші кезеңін салу (арқанжол, "Көне Тараз" қабырғасы, 26 шағын кесене, "Аңырақай шайқасы" монументалды қабырғасы, Атлақ шайқасы монументалды қабырғасы, каскадты сарқырама, Талас өзені бойынша аспалы өтпелі көпір, мейманхана, кофехана, кәдесый сату орындары секілді сервистік нысандар және т. б.), сондай-ақ, Қар-Алма тау шаңғысы базасының екінші кезегінің құрылысы және "Тектұрмас" тауының жерасты өткелдерінде іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу көзделген.
2020 жылы қазақстандық және шетелдік туристер ағымын орта есеппен 335 мың адамға арттыру, 12,5 мың жұмыс орнын ашу, бюджетке түсетін түсімдер 1,6 млрд теңгені құрайды деп күтілуде.