Жамбы атудан Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды

10 Қыркүйек 2024, 17:07
517
Бөлісу:
Жамбы атудан Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды
Фото: @Turizm_jane_sport_ministrligi

Жамбы ату спортының түрік стилінен алтын жүлдені Ералхан Айкөз, ал қоланы Айтбек Сарыбай жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жарыс нәтижесі бойынша Ералхан Айкөз алтын жүлдеге ие болды. Екінші орынды түркиялық спортшы Егит Керем алды. Қола жүлдені Айтбек Сарыбай еншіледі.

Жамбы атудан бәсеке «Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатыр. Сайысқа 27 мемлекеттен 78 спортшы тіркелген.

Өзгелердің жаңалығы