Жамаубаев: ҚР резиденттерінің қаржылық шоттарына талдау жүргізілетін болады

2 Қыркүйек 2020, 10:05
1452
Бөлісу:
Жамаубаев: ҚР резиденттерінің қаржылық шоттарына талдау жүргізілетін болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкіметтің онлайн отырысы кезінде айтты.

«Көлеңкелі экономикаға» қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізуде. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар өзектендіріледі және оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бөлігінде заңнама жетілдіріледі, - деді министр.

Жамаубаев министрлік FATF ұсынымдарын орындайтынын айтты. Оның ішінде атап айтқанда:

- мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларына және олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттарды ашуға тыйым салуды енгізу;

- салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтерді алу құқығын заңнамамен бекіту.

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу шеңберінде ҚР резиденттерінің қаржылық шоттары туралы мәліметтерге талдау жүргізілетін болады, - деді Жамаубаев.

Салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрландыру бойынша жұмыс жандандырылды. Астана-1 толыққанды қызмет етуде. 

Қазір 80%-дан астам декларация 1 минутта, яғни автоматты түрде толығымен рәсімделуде. Электрондық шот-фактуралар жүйесі және Виртуалды қойма іске қосылды. Бұдан басқа, темекі және алкоголь өнімдерін таңбалау пилоттық жоба ретінде жүргізіледі және онлайн-бақылау кассалық машиналары (БКМ) толығымен енгізілуді. Цифрландыру бойынша басқа да кешенді іс-шаралар толығымен жүзеге асырылатын болады, - деді ол.

Министрдің сөзінше, барлық кеден пунктінде мониторинг жүргізу үшін ситуациялық орталық жұмыс істеуде.

Жүйелерді интеграциялау есебінен ҚХР-мен импорт бойынша кедендік статистиканың алшақтығы төмендетіп отырмыз. Барлық кеден пунктінде мониторинг жүргізу үшін ситуациялық орталық жұмыс істеуде. Авто және теміржол өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жобаны іске асыру көзделген, - деді қаржы министрі.

Жамаубаевтың айтуынша, кешенді жедел-профилактикалық іс-шаралар шеңберінде Экономикалық тергеу қызметі қайта бағдарланды. Осы ретте мұнай және мұнай өнімдерінің, акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымы, капиталдың заңсыз ағымы, бюджет қаражатын, оның ішінде квазимемлекеттік секторда ұрлау және ысырап ету, салық төлеуден жалтаруды болдырмау сияқты іс-шаралар атқарылуда.

2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау кезінде медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемеақыларына, тез салынатын жұқпалы аурулар ауруханаларын салуға, Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (МККК) шеңберінде медициналық қызметтерге және дәрілік заттарды сатып алуға арналған шығыстарды қаржыландыру жоспарланған. Президент Жолдауының іс-шараларын іске асыруға арналған шығыстар көлемі бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп пысықталатын болады, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы