Жамаубаев мемлекеттік борыштың өсу себебін атады

20 Маусым 2022, 10:45
1338
Бөлісу:
Жамаубаев мемлекеттік борыштың өсу себебін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Парламент палаталарының бірлескен жалпы отырысында айтты. 

Мемлекеттік борышты басқару бойынша айтатын болсақ, мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігі мен маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болды. Былтырғы қорытындылар бойынша  мемлекеттік борыш деңгейі жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4% болды және бүгінгі таңда қауіпсіз деңгейде сақталып отыр, - деді Жамаубаев. 

Министр атағандай, бұл халықаралық қаржы және рейтингтік ұйымдардың бағалауларымен де расталып отыр.

Дей тұрғанмен, мемлекеттік борышты басқаруды одан әрі жетілдіру үшін келесідей шаралар қабылданады. Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады. Бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді. Көлеңкелі экономикамен күресті белсеңдету. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру арқылы салықтық түсімдердің біртіндеп ұлғаюы күтіліп отыр, - деді ол. 

Жамаубаев атағандай, қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі  барынша пайдаланылатын болады.

Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақтылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданғанын атап өту керек, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Өзгелердің жаңалығы