Жамаубаев: Экономика салаларын қолдауға 3,6 трлн теңге бөлінеді

18 Қараша 2021, 10:45
858
Бөлісу:
Жамаубаев: Экономика салаларын қолдауға 3,6 трлн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.

Министр «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырды.

Бюджет шығыстарының келесі маңызды бағыты - экономика салаларын қолдау және дамыту. Үшжылдық кезеңде осы мақсаттарға 3,6 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылға 2 трлн теңге қарастырылған. Осы бағыт есебінен көлік инфрақұрылымын дамыту, халықтың әлеуметтік тұрғын үйлер салу, таза ауыз су және табиғи газбен қамтамасыз ету, бизнесті қолдау және басқа да басым міндеттерді іске асыру жоспарланып отыр, - деді Ерұлан Жамаубаев.

Сонымен қатар мемлекеттің қорғаныс қабілеті мен құқық тәртібін қамтамасыз етуге 3 жылға 4,5 трлн теңге, ал 2022 жылға 1,7 трлн теңге жоспарланып отыр.

Үшжылдық кезеңде өңірлерге субвенциялар ретінде 6,4 трлн теңге бөлінеді. Бюджет жобасында нысаналы трансферттер 7,2 трлн теңге көлемінде көзделді. Жалпы үшжылдық кезеңде өңірлерге республикалық бюджет қаражаты есебінен 13,6 трлн теңге, оның ішінде 2022 жылы – 4,7 трлн теңге немесе бюджеттің жалпы шығыстарының 29,4%-і бөлінеді, - деп толықтырды Қаржы басшысы.

Айтуынша, заң жобасын Сенатта талқылау барысында депутаттардың ұсыныстары бойынша халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және өңірлерді дамытуға бағытталған бірқатар түзету енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы