Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жаманқұлов Мұхамедиұлынан кек алып жатыр - адвокат

Олжас АДАЙ
17 Сәуір 2023, 12:35
2167
Бөлісу:
 "Бірегей" бағдарламасы
Фото: "Бірегей" бағдарламасы

Тұңғышбай Жаманқұлов Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу үшін прокуратураға арызданған. Мұны сотта Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокаты Мұстақым Төлеев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өздеріңізге мәлім, Тұңғышбай Жаманқұлов Әл-тарази деген азамат бар. Ол жалған ақпарат таратып, менің қорғауымдағы Арыстанбек Мұхамедиұлынан кек алу үшін прокуратураға арызданған. Ол жалған деректерді алға тартқан. Соның негізінде заңсыз қылмыстық іс қозғалған, - деді адвокат.

Бұған дейін адвокат Мұхамедиұлын үйқамаққа жіберуді өтінді. Ол экс-министрдің денсаулық жағдайы жақсы емес екенін, зейнет жасындағы адам екенін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы