Жалпыға бірдей декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталады

17 Шілде 2023, 14:17
646
Бөлісу:
Жалпыға бірдей декларацияны қағаз  түрінде тапсыру мерзімі аяқталады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Мемлекеттік кірістер комитеті бүгін, яғни 2023 жылдың 17 шілдесінде, жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін қағаз түрінде тапсыру мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі таңда 1,5 миллионнан астам жеке тұлға 250.00 нысанды «кіру» декларациясын ұсынды.

Қазақстанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) алғаш рет мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайлары ұсынады.

Декларацияны уақытылы тапсырыңыз! Қағаз түрінде жалпыға бірдей декларациялау бойынша салық есебін тапсыру мерзімі 2023 жылдың 15 шілдесінде, электрондық түрде 2023 жылдың 15 қыркүйегінде аяқталады. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, онда мерзім келесі жұмыс күнінің соңында аяқталады,- деп ескертті МКК-де.

Мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары әр түрлі сервистерді пайдалана отырып, декларацияны ұсына алады («Салық төлеушінің кабинеті» (cabinet.salyk.kz), e-salyq Аzamat мобильді қосымшасы, eGov.kz порталы және egov mobile мобильді қосымшасы).

Жеке тұлғалар декларацияны тұрғылықты (тұратын) жері бойынша, ал жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар орналасқан жері бойынша табыс етеді.

Өзгелердің жаңалығы