Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

11 Шілде 2021, 08:47
1191
Бөлісу:
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов (13-5) Лас-Вегас қаласында өткен UFC 264 турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz. 

Отандасымыз америкалық Джером Риверамен (10-5) кездесіп, бірінші раундта қарсыласын қылқындырып тасады. 

Осылайша, Жалғас Жұмағұлов UFC ұйымындағы бірінші жеңісіне қол жетткізді. Ал жалпы бұл қазақстандық спортшының аралас жекпе-жектегі 14-ші жеңісі. 

Айта кетейік, Жұмағұлов UFC ұйымындағы үшінші кездесуін өткізді. Бұған дейін ол осы ұйымдағы бірінші кездесуде бразилиялық Раулиан Пайвадан, кейін швециялық Амир Альбазиден жеңіліп қалған болатын.

Өзгелердің жаңалығы