Жалған VIN-коды бар 27 автокөлік анықталды

19 Наурыз 2022, 09:09
1888
Бөлісу:
Жалған VIN-коды бар 27 автокөлік анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың басынан бастап ҰҚК Шекара қызметінің өткізу пункттерінде сәйкестендіру нөмірлері өзгертілген 27 көлік құралы анықталды, деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

2021 жылы шекарашылар ұқсас бұзушылықтары бар 217 автомобильді анықтады. 

Аталған көліктер құзыреті бойынша полиция органдарына берілді.

Шекарадан өту кезінде құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін, азаматтарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде автомашина сатып алу кезінде анағұрлым қырағы болу қажет.

Өзгелердің жаңалығы