Жалған шот-фактуралармен айналысқан жетісулық 285 млн теңге шығын келтірген

23 Мамыр 2024, 15:01
194
Бөлісу:
Жалған шот-фактуралармен айналысқан жетісулық 285 млн теңге шығын келтірген
VIDEO

Жетісу облысының тұрғыны мүліктік пайда алу мақсатында тауарды нақты жеткізбей, жұмысты орындамай, қызмет көрсетпей, жалған шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл деректі Қаржылық мониторинг агенттігі анықтады.

Тергеу барысында аталған азамат басқа ЖШС-нің атына өзі бақылайтын ЖШС атынан мүліктік пайданы өндіру мақсатында шот-фактураларды беру әрекетін ұйымдастырып, нәтижесінде аса ірі көлемде залал келтіргені анықталды. Тергеу барысында 285 млн теңгеден астам сомаға келтірілген шығын толығымен өтелді. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды, - деді ҚМА ресми өкіліӘлібек Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы