Жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілер жазаланды

29 Сәуір 2025, 09:52
259
Бөлісу:
Жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілер жазаланды
Фото: pixabay.com

Шымкентте 85,1 млн теңгеге мемлекет мүддесі қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекет мүддесін қорғау болып саналады.

Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуратурасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу заңдылығына жүргізген мониторинг нәтижесінде Мемлекеттік кірістер басқармасы жалпы сомасы 709,5 млн теңгеге жалған шот-фактуралар жазып берген 5 салық төлеушіге қатысты 5 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі заңсыз тоқтатқанын анықтады.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша жоғарыда көрсетілген істерді тоқтату туралы қаулылардың күші жойылды және жалған шот-фактура жазып берген салық төлеушілерге Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 280-бабы (Жалған шот-фактура жазып беру) бойынша жалпы сомасы 85,1млн теңге әкімшілік айыппұл салынды, - делінген Шымкент қаласы прокуратурасының хабарламасында.

Қазіргі уақытта 41,6 млн теңге өндіріліп, мемлекеттің материалдық мүддесі қорғалды.

Өзгелердің жаңалығы