Жалған өнімді қалай анықтауға болады: Қазақстандықтар 2,3 млн тауарды тексерген

Naqty Ónim қосымшасы арқылы тауардың түпнұсқалығын тексеруге болады.

 istockphoto.com 8 Қазан 2026, 16:40
8 Қазан 2026, 16:40
328
Фото: istockphoto.com

Қазақстандықтар Naqty Ónim мобильді қосымшасы арқылы шамамен 2,3 млн тауардың түпнұсқалығын тексерген. Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ  тілшісі.

Айта кетерлігі, қосымша тұтынушыларға тауардағы таңбалау кодын тексеріп, оның шығу тегі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде қосымша 55 мыңнан астам рет жүктелген. Ал пайдаланушылар тауарлардың түпнұсқалығын анықтау үшін шамамен 2,3 млн таңбалау кодын тексерген. Ол үшін тұтынушыға белгілі бір тауардың қаптамасына қойылған Data Matrix кодын сканерлеу жеткілікті. Осыдан кейін тауар және оның қозғалысы туралы толық ақпарат қолжетімді болады, – деді вице-министр.

Оның айтуынша, егер тауарда міндетті таңбалау коды болмаса, код бүлінген немесе қосымша арқылы оқылмаса, тұтынушы бұл туралы тікелей қосымша арқылы хабарлай алады.

Бұл өтініш белгіленген тәртіппен мемлекеттік орган тарапынан қаралады. Бірыңғай оператордың мәліметіне сәйкес, бүгінде тұтынушылар таңбалау талаптарының бұзылғаны туралы қосымша арқылы 10 мыңға жуық өтініш берген, – деп атап өтті Әсет Нүсіпов.

Еске салайық, бұған дейін оператор таңбалау жүйесіндегі ақауға қатысты түсініктеме берді.

Наверх