Қазақстанда бұған дейін таңбаланатын тауарлар тізімі кеңейтілген болатын. Өзгеріске қатысты Tañba Бірыңғай таңбалау және қадағалау операторының басқарушы директоры Алмат Исмаилов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, жүйеде жаппай ақау болмағанын айтты.
9-10 қыркүйекте темекі өнімдеріне қатысты құжаттарды өңдеу уақыты ұзарды. Жүйе жұмыс істеп тұрды, алайда құжаттар әдеттегіден баяуырақ өңделді. Бұған техникалық себеп әсер етті, яғни жүйенің деректер қоймасының өнімділігі уақытша төмендеді. Бұл жағдай таңбаланатын тауарлар тізімінің кеңеюіне байланысты емес. Біз техникалық қолдау қызметін күшейтілген жұмыс режиміне көшірдік. Осы екі күн ішінде техникалық қолдау жүйесіне шамамен 43 өтініш түсті. Сонымен қатар таңбалау жүйесінде темекі өнімдері бойынша 60 мыңнан астам пайдаланушы тіркелгенін атап өткім келеді, – деді Алмат Исмаилов.
Сондай-ақ ережеге сәйкес, жүйедегі техникалық ақаулар туралы ақпарат оператордың ресми парақшасында жарияланған.
Таңбалау жүйесін пайдаланушылар ережеде қарастырылған уақытша тәртіпті қолдана алды. Жүйе қайта қалпына келгенге дейін қағаз құжаттарын рәсімдеуге мүмкіндік берілді. Кейін жүйенің жұмысы қалпына келтірілген соң, бұл құжаттарды ақпараттық жүйеге енгізу қажет.