Жалған нөмірмен жүрген көлік иесі ұсталды

31 Тамыз 2021, 06:19
11745
Бөлісу:
Жалған нөмірмен жүрген көлік иесі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы «Бейнеу» кезекші бөлімінің қызметкерлері бейнебақылау камерасының көмегімен жалған нөмір тағылған көлікті байқаған.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қошқарбаев көшесімен Сарыкөл көшесіне қарай келе жатқан «Toyota Camry» маркалы автомобиль тоқтаған сәтте жалған нөмір тағылғаны расталған.

Көлік тізгіндеген 31 жастағы қала тұрғынына Әкішілік құқық бұзу туралы кодекстің 590-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Ол бойынша жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе бір жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түріндегі жауапкершілікті көздейді.

Өзгелердің жаңалығы