Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Жалған инвестициялық жобамен ақша жымқырған елордалық 6 жылға сотталды

30 Шілде 2025, 15:39
434
Бөлісу:
 - архив/ Бауыржан Жуасбаев
Фото: - архив/ Бауыржан Жуасбаев

Инвестиция түріндегі бизнес-жобаға ақша салуды ұсынған алаяқтық схеманы ұйымдастырушы сотталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, елорда тұрғыны бизнес-жобаны іске асыру түрінде көрініс тапқан алаяқтық жолмен екі жәбірленушіден 100 миллион теңгеден астам ақшаны инвестиция ретінде алып, иемденген. 

Сотталушы жоғары кіріс әкелетін IT-бизнеске – ақылы автотұрақ жүйесімен жабдықталған автоматтандырылған шлагбаумдар орнатуға инвестиция салу және бірлесіп қатысуды ұсынған. Тергеу және сот процесі барысында ол өз кінәсін мойындамай, жасалған іс әрекетін азаматтық-құқықтық қатынас ретінде танып, қылмыстық жауапкершіліктен жалтармақ болып, келтірілген материалдық залалды өтеуден бас тартты, - делінген хабарламада.

Сотталушы жәбірленушілерден алынған қаражатты инвестициялық жобаға салмай, жеке қажеттіліктеріне пайдаланғаны дәлелденді.

Сот үкімімен оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, келтірілген материалдық шығын өндірілді. 

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарға инвестиция және ақшалай қаражат салу туралы күмәнді ұсыныстардан сақ болу қажеттігін ескертеді. Күдікті жағдайлар орын алғанда, құқық қорғау органдарына дереу хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы