Жалған хабар берген балалардың ата-анасына айыппұл салынды

7 Ақпан 2024, 01:22
342
Бөлісу:
Жалған хабар берген балалардың ата-анасына айыппұл салынды
Фото: BAQ.KZ архив

Терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағаны үшін елордалық үш оқушының ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

5 ақпан күні Астананың жедел басқару орталығына телефоннан хабарлама түскен. Онда қоңырау шалушы қала мектептерінің бірінде террорлық шабуыл болатынын айтқан. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жеткені белгілі болды. Жалған қоңырауға 11 жастағы үш оқушы қатысқаны анықталды. Осы факт бойынша ата-аналарға қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Көрінеу жалған хабарлар ауыр қылмыс болып саналады. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы хабар бес мың АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе бес жылға дейінгі мерзімге шектеуге немесе бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыс жасалған кезде он төрт жасқа толған адамдар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады, - делінген Астана қаласы ПД таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы