Жалдау төлемдерін субсидиялауға 19 мыңнан аса өтінім берілді

7 Маусым 2022, 15:40
1186
Бөлісу:
Жалдау төлемдерін субсидиялауға 19 мыңнан аса өтінім берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында бүгінгі таңда азаматтардың жекелеген санаттарының мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылып жатыр, деп хабарлады ИИДМ баспасөз қызметі. 

2022 жылғы 7 маусымдағы жағдай бойынша берілген өтінімдер саны – 19285, олардың 4750-і мақұлданды.

10 117 өтініш қабылданбады. Бас тарту себептері әртүрлі. Олардың көпшілігі тіркеу кезінде СМС арқылы жіберілген кодты енгізбеген. 

Өтінім қабылданбауының жиі кездесетін себептері: жеке куәлігінің жарамдылық мерзімінің өтіп кетуі, өтінім берушінің атына тіркелген жылжымайтын мүліктің болуы, үй кезегіне тіркелмегені, Мемлекеттік кірістер комитетінде қарызының болуы, оларға төлем талабы-өкімдерінің берілгені. Әзірге қабылданбаған өтінімдер арасында:

-Алушының немесе отбасы мүшелерінің деректерін тексеру бойынша – 836,

-Табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен асып кетуі – 782,

-Қатысушының өзі күшін жойғандар – 1887 және т.б

Еске сала кетейік, жалдау төлемдерін субсидиялау бағдарламасы ағымдағы жылғы 18 сәуірде іске қосылған болатын. 

Өзгелердің жаңалығы