«Жалақының 60-70 пайызын азық-түлікке жұмсайды». Министр елімізде кедейлер санының өскенін айтты

13 Қаңтар 2023, 17:17
3297
Бөлісу:
«Жалақының 60-70 пайызын азық-түлікке жұмсайды». Министр елімізде кедейлер санының өскенін айтты
Фото: ОКҚ

Елімізде кедей азаматтардың саны өсті. Өткен жылдары кедейлердің  4,9  пайыз адам болса, биыл саны 5,1 пайызға өсті. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Біз кедейшілік шегі деп - күнкөріс деңгейін айтамыз. Ал атаулы әлеуметтік көмекті сол күнкөріс деңгейінен 70 пайызынан төмен азаматтарға беріп жатырмыз. Оның ортасындағы 30 пайыз 5,1 адам тұрмысы төмен азаматтар бар, - деді Дүйсенова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.  

Оның айтуынша, инфляцияның жоғары болуы азаматтардың табысын алып қойып жатыр.

Қазір көбі қаражатының көбін азық-түлік себетін алуға жұмсап жатыр. Егерде, мәселен 150 мың теңге десек, қазір осы ақшаның 60-70 пайызы азық-түлікке жұмсалады. Осылайша, отбасының одан әрі дамуы үшін қалатын қаражат азайды. Әрине, бұл жағдай әрбір отбасының бюджетіне әсерін тигізеді, - деді Тамара Дүйсенова. 

Өзгелердің жаңалығы