Жалақыны көтеру талаптары. Жаңаөзен дилеммасы

18 Ақпан 2022, 11:35
2734
Бөлісу:
Жалақыны көтеру талаптары. Жаңаөзен дилеммасы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпанның басынан бері Маңғыстау облысының мұнайшылары жұмыс орындарын құруды, еңбек жағдайын жақсартуды және жалақыны  60%-ға көтеруді талап етіп отыр. Компанияда мұндай мүмкіндіктің жоқтығы оларды қызықтырмайды. Бұрын жасалған жеңілдіктерден соң олар жаңа талаптар қоюға көшті.  

15 ақпанда Жаңаөзен тұрғындары автобекетте наразылық акциясын өткізді. Талаптары бұрынғыдай, жағдай жасау және ақша мәселесі. Бұл жерде жалақы еліміз бойынша ең жоғары екенін айта кету керек, айына 800 мың теңгеге дейін алады. BaigeNews.kz сайтының тілшісі еліміздегі көп мәмілеге келе бермейтін қала Жаңаөзенде не болып жатқанына үңіліпті.

Тәбет ас ішер кезде ашылады

Мұнайсервис компаниялары қауымдастығының басшысы Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, тәбет тамақтанар кезде келетіні белгілі.

Бастапқыда арзан газ сұрады. Оған қолжеткізді. Одан кейін малға жем-шөп сұрады, оны да жергілікті билік шешті. Оның үстіне олар халыққа таратқан жем-шөптің өз бағасы анағұрлым жоғары еді. Алайда оған ешкім бас ауыртып отырған жоқ. Осы кезде жұртшылыққа кіммен болса да келісуге болады деген ой келді. Оның үстіне Жаңаөзен әкімінің беделі төмендеп, сен бұны шеше алмаймыз деп едің, шешуге болады екен ғой деп ойлады олар. Бір жағынан бұл бопсалау. Екінші жағынан адамдар лайықты жалақы алуы керек,-дейді сарапшы.

Сонымен қатар ол «ҚазМұнайГаз» басқарып отырған кен орны «көнелеу» деп санайды, бұл дегеніңіз көптеген ұңғымаларда мұнайға қарағанда су көп шығады, сол себепті оның табыстылығы төмен. Бұл кен өндіруге арналған тау-кен салығында айқын көрінеді. Нұрлан Жұмағұлов мысал ретінде келесі цифрларды айтты.

«Өзенмұнайгаз» компаниясында 9200 адам жұмыс істейді, ал мұнда 5,2 миллион тонна шамасында мұнай өндіріледі. Ал, «Теңізшевройл» ЖШС-і 27 миллион мұнай өндіреді және онда 4200 қызметкер бар. Салыстыру қиын емес. Бұл Жаңаөзендегі мұнайсервис компанияларында жұмыс істейтіндерді қоспағанда.  Барлық жерде жұмысшылар шамадан тыс толып кеткен және бұл мәселе бір жылда болған мәселе емес. Оны оралмандарды осы өңірге көшіруге шешім қабылдағандардан сұрау керек. Бұрын 60 мың адам болса, қазір 150 мың адам. Оның барлығына жұмыс керек. Ол жерде туу көрсеткіші де жоғары. Енді келіп ол жерде зауыт салуды көздеп отыр. Бұл да уақытша шара,-деп санайды сарапшы.

Оның ойынша, компанияның нақты бейнесін және болашағын көрсету үшін дамдарға қолда бар  нақты сандарды көрсетіп сөйлесу керек.

Ең жоғары орташа жалақы осында, барлық жәрдемақыларды қосқанда 800 мың теңгеге дейін. Оның үстіне жалақы жыл сайын шамамен 10%-ға индекстеледі. Жыл басында ол жасалды. Компания оны ары кеткенде 20% ғана жасай алады. Жұмысшылар нарықтық қатынаста өмір сүріп жатқанымызды түсінулері керек,-дейді ол.


Бопсалаусыз диалог құрудың уақыты келді

Экономист Андрей Чеботаревтің айтуынша, әкімшілік пен жұмысшылар арасында сындарлы диалог кеңестік дәуірден бері болмаған, кәсіпорындарда тәуелсіз әрі беделді кәсіподақ қалыптаспаған.

Бүкіл әлемде жұмысшылардың мүддесін тәуелсіз кәсіподақтар қорғайды. Олар жұмысберушімен ұжымдық келісімшарт жасасады. Егер компанияда мұндай қаражат расымен болмаса? Бұл жерде қазақстандық МӨЗ-ы мұнайды мұнайөңдеу зауыттарынан нарықтық бағамен емес, өз бағасымен сатып алатынын түсінуіміз керек. Бұл жанармай бағасын төмен ұстау үшін әдейі жасалған. Бұл жағдайда мұнайдың жоғары бағасын компанияның кірісімен байланыстыруға болмайды. Сондықтан жұмыс беруші өзінің кірісін және қандай мүмкіндіктері бар екенін ашық көрсетіп, әрқашан екіжақты келісімнен бастау керек. Мүмкін жалақыны көтермей, балабақша салу керек шығар,-дейді сарапшы.

Андрей Чеботаревтің айтуынша, қазір тек жұмыс беруші тыңдап, жұмысшылар талап ететін жағдай орын алған. Оларды өздерінің талаптарынан өзге ештеме қызықтырмайды.

Және бір рет айтқандарын жасағасын, одан әрі тура солай істеу керектігін түсінуіміз керек. Бұл психология. Менің ойымша, сіз жеңілдіктерге барсаңыз, оларды ұжымдық шартпен бекіту қажет. Бүгінгі таңда тығырықтан шығудың жалғыз жолы: келіссөздер үстеліне отыру, қаржылық есептерді көрсету, компанияның қанша қаражаты барын көрсету. Сындарлы ашық келісімшарт пен бір-бірін тыңдау өте маңызды", — дейді сарапшы.

Саясаттанушы Данияр Әшімбаев та дәл осындай пікірді ұстанады. Еңбек дауларын шешу тетігі құрылған жоқ. Оның пікірінше, олар мұнда мәселені бопсалау мен қорқыту арқылы шешуге дағдыланған, ал тәуелсіз және күшті кәсіподақтың болмауы жағдайды одан сайын ушықтырды.

Сарапшылардың пікірін жинақтай келе мынадай түйіндеме жасадық: ішкі көші-қон процестерін ынталандыру жөніндегі бағдарламаға нүкте қою, сындарлы диалог құру және мәселенің жетегінде кете бермеу керек. Өйткені елде Жаңаөзеннен басқа  экономикалық проблемаларды шешуді талап ететін басқа да өңірлер жетерлік.
 

Өзгелердің жаңалығы