Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сапалы инклюзияға қол жеткізуі тиіс

18 Ақпан 2022, 11:30
2220
Бөлісу:
Қазақстандағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар сапалы инклюзияға қол жеткізуі тиіс

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада №92 мектеп-лицейінде дамуында ерекшеліктері бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинетінің ресми ашылуы өтті.

Бұл туралы «Болашақ» қорының баспасөз қызметі хабарлады.

Кабинет «Болашақ» қорымен елорда әкімдігінің қолдауымен «Tooba» халықаралық платформасында жиналған қайырымдылық қаражатына ашылды.

Бұл кабинет «Әр бала мектепке баруға лайықты» жобасы аясында «Болашақ» қоры 2015 жылдан бастап елордада ашқан 11-ші кабинет болды. Қормен Қысқы қайырымдылық балдарында жиналған қаражатқа, сондай-ақ демеушілік қаражатқа барлығы Қазақстан бойынша мектептер мен балабақшаларда 46 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды.

Іс-шараға «Болашақ» қоры Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан, Қазақстандағы «Tooba» халықаралық қайырымдылық платформасының негізін қалаушылардың бірі Мадияр Төлеуғали, мамандар мен ата-аналар қатысты.

Инклюзияны қолдау кабинетінде 7 мен 10 жас аралығындағы аутизм бар 7 бала қолдау алады. Инклюзияны қолдау кабинетінің мақсаты – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтендіру. Кабинеттер 10 балаға дейін оқытуға арналған. Кабинет командасында 9 адам жұмыс істейді: куратор, мұғалім және 7 педагог-ассистент. Куратор әр оқушыға жеке даму бағдарламасын жасайды, ал педагог-ассистент пен мұғалім мектеп бағдарламасын игеруге және сыныптастарымен және мұғалімдермен өзара әрекеттесуге көмектеседі.

Іс-шара барысында қонақтар инклюзия кабинетінің жұмыс әдістерімен танысты. Олар жалпы сыныптағы сабаққа қатысып, ерекше балалардың мұғалімдермен және құрдастарымен өзара әрекеттесуін көре алды. Оқытушылар құрамымен және ата-аналармен сөйлесті.

Бүгін елордада 11-ші және Қазақстанда 46-шы инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуында осы кабинеттің демеушілері болған «Tooba» халықаралық платформасының өкілдері қатысып отыр. Заманауи технологиялардың арқасында, краудфандингтік платформа арқылы жиналған қаражатқа кабинеттің ашылуы – бұл қор тарихындағы алғашқы жағдай. Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды Қазақстандағы балалар жылы деп жариялады. Осыған байланысты Үкімет мектептер мен бақтарда сапалы инклюзияны қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейтуі маңызды. Өткен жылдың соңында қабылданған «Білім туралы» ҚР Заңына қарамастан, оның нормаларын әкімдіктер әлі күнге дейін орындамайды. 2015 жылдан бастап біз Қазақстан бойынша инклюзияны қолдау кабинеттерін ашу, дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқытуда әлемдік ғылыми дәлелденген әдістемелерді енгізу, мамандарды оқыту бойынша үлкен жұмыс атқардық. Өңірлердің әрбір мектепте осындай алаңдарды дербес ашуы, мамандарды әдістемелік сүйемелдеу және оқыту бойынша өздеріне міндеттемелер алуы өте маңызды, - деп атап өтті «Болашақ» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Гаплан.

Жобаға қатысу тегін. Жоба серіктестері – Nur Otan партиясы, жергілікті атқарушы органдар.

Өзгелердің жаңалығы