Жақсылықов карантинде зардап шеккен салалар туралы айтты

24 Тамыз 2021, 17:43
3885
Бөлісу:
Жақсылықов карантинде зардап шеккен салалар туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

2019 жылы карантинге дейін 1100 кәсіпкерлік банкротқа ұшырады. 2020 жылы бұл көрсеткіш азайып, 500 кәсіпкерлікті құрады. Бұл статистика нақтыланбаған. Әлі де есептеуді қажет етеді. Биылғы көрсеткіштерді айтуға әлі ерте. Зардап шеккен салаларға тұтынушыға қызмет көрсету, азық-түлік, транспорт, білім беру салаларын айтуға болады. Табысы артқан салаларға машина жасау мен фармацевтика, жеңіл өнеркәсіпті жатқызуға болады, - деді ол.
Жақсылықов айтқандай, медицина қызметі мен фармацевтика, қорғаныс шараларына қатысты материалдар соңғы 1,5 жылда көп өндірілді.

Бұл сектор біздің көз алдымызда өсті. Медициналық кеңес беру қызметіне деген сұраныс артты. Медикаменттерді өндіру саласы 38,9 пайызға артқан. Құрылыс материалдарын өндіру мен жиһаз жасау, дайын металл өнімдері сынды салаларда сұраныс көбейді. Сондай-ақ тауарларды жеткізу мен курьер саласының қызметі қарқынды дамыды, - деді Тимур Жақсылықов.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Тимур Жақсылықов ШОБ саласында кәсіпкерлік саны артқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы