Жаһандық жылыну ауруды көбейтеді – ғалымдар

8 Мамыр 2022, 17:55
2547
Бөлісу:
Жаһандық жылыну ауруды көбейтеді – ғалымдар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Климаттың өзгеруі себепті дерт те көбейеді, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Енді 50 жылдың шамасында жануарлардан адамға жұғатын вирустар 4 мың есе артады. Америкалық ғалымдардың болжамы осындай. Мамандардың айтуынша, жаһандық жылынуға байланысты аң-құс тіршілік ету ортасын ауыстырады. Бұл қауіпті арттырады. Әсіресе Азия мен Африкада жағдай қиындайтын түрі бар. Ғалымдар бұл орайда коронавирусты мысал етеді. Өйткені бұған дейін жарқанаттарда болатын бұл дерт адамға қауіп төндірмеген еді. Мамандар қазірдің өзінде жабайы аңдар арасында адамға жұғуы мүмкін 10 мыңдай вирус барын айтады. 

Өзгелердің жаңалығы