Жағдайы ауыр. Павлодарда лифт шахтасына ер адам құлап кеткен

29 Қаңтар 2021, 16:38
1559
Бөлісу:
Жағдайы ауыр. Павлодарда лифт шахтасына ер адам құлап кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қонақ үйлердің бірінде лифттің шахтасына құлап кеткен ер адам №1 қалалық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде, - дейді ведомство өкілдері. 

«Сарыарқа» қонақ үйі әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

Өзгелердің жаңалығы