"Жағдайы ауыр". Министр Қарағандыда уланған балалар жайында

22 Тамыз 2023, 13:09
952
Бөлісу:
"Жағдайы ауыр". Министр Қарағандыда уланған балалар жайында
Фото: Арман Мухатов - архив

Үкімет кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балалардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, бүгінгі таңда 13 баланың алтауы ауруханада жатыр. Сондай-ақ министр тергеу шаралары әлі жүргізіліп жатқанын, тексеру аяқталмағанын айтты.

Олардың жағдайы ауыр. Балалар реанимация, қарқынды терапия бөлімшесіне орналастырылды. Екеуінің жағдайы ауыр әрі тұрақсыз болып отыр, - деді Ажар Ғиният.

Ғиният сот-медициналық сараптамасы әлі жүріп жатқанын, қорытынды шығарылмағанын атап өтті.

Балалар емделіп жатыр. Дәрігерлер болжам жасамайды, бірақ алты баланың төртеуі жақсарып келеді, - деп түйіндеді министр.

Еске салайық, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы