Жағдай ушығып тұр: Ормуз бұғазында 20 кеме кері бұрылды

Кемелер Иранның бұғазды жабу туралы хабарынан кейін бағытын өзгертті

 pixabay.com 19 Сәуір 2026, 12:49
19 Сәуір 2026, 12:49
4031
Фото: pixabay.com

Ормуз бұғазы арқылы өтуді күткен шамамен 20 кеме Иран әскери бақылауды қайта қалпына келтіргеннен кейін Оман бағытына бұрылған, деп хабарлайды BAQ.KZ The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, кемелер Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) бұғаздың жабылғаны туралы радиохабар таратқаннан кейін кері қайтқан.

Әрбір кеме бұған дейін Иран әскери күштеріне өткені үшін 2 млн доллар төлеуге келіскен.

Тегеранның бұл шешімі 13 сәуірде АҚШ Иранмен келіссөздер сәтсіз аяқталғаннан кейін енгізген теңіз блокадасына жауап ретінде қабылданған.

Еске салайық, бұған дейін Иран Ормуз бұғазын қайта жапқаны  туралы жаздық.

Наверх