Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз – Сағынтаев

28 Қараша 2020, 10:18
1174
Бөлісу:
Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз – Сағынтаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаладағы жағдай күрделенсе, режимнің күшейетінін айтты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Құрметті алматылықтар. Биылғы 2020 жыл біз үшін үлкен сабақ болды. Ең бастысы — босаңсымау. Пандемия басылған жоқ. Бүкіл әлемдегі жағдай да ушығып тұр. Алматы жұқтыру қаупінің «сары» аймағына енді. Баршаңызды санитарлық ережелерді қатаң сақтауға шақырамын. Жағдай күрделенсе, режимді күшейтеміз, - деді әкім. 

Айта кетейік, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 184 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 60 адам емделіп шықты.

Өзгелердің жаңалығы