Жаңа сенаторлар халыққа ант берді

2 Қыркүйек 2019, 13:37
2103
Бөлісу:
Жаңа сенаторлар халыққа ант берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламенттің жоғарғы палатасының отырысында жаңадан тағайындалған сенаторлар ант берді.

Жақында жаңадан тағайындалған Сенат депутаттары Нұртөре Жүсіп, Дана Нұржігіт, Андрей Лукин, Қанатбек Сафинов, Ләззат Сүлеймен, Асқар Шәкіров халық алдында ант берді.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасы тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін» , - деді жаңа сенаторлар.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева әріптестеріне сәттілік тіледі.

Өзгелердің жаңалығы