Қарпімізде әлі де олқылықтар бар – Тоқаев

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді.&nbsp;</h4>

 21 Қазан 2019 2019, 13:51
21 Қазан 2019 2019, 13:51
4290

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға жаңа әліпбиді жетілдіру жөнінде тапсырма берді. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды. 

"Әліпбиді латын қарпіне көшіру туралы тарихи шешімнің қабылданғанына екі жылға жуықтады. Бірақ қарпімізде әлі де олқылықтар бар. Тіл мамандары жаңа әліпбиді жетілдіруі керек. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға тиісті тапсырма бердім. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр", - деп жазды президент.

Наверх