Жаңа iPhone-ның фотосы жарияланды

19 Тамыз 2020, 20:29
2174
Бөлісу:
Жаңа iPhone-ның фотосы жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Желіде жаңа iPhone-ның фотосы жарияланды. Бұл туралы 9to5mac хабарлады.

Басылымның мәліметінше, Apple компаниясы iPhone-ның төрт жаңа моделін таныстырады және олар төртінші және бесінші моделіне ұқсас болады. Svetapple дизайнерлері жаңа iPhone 12 дизайнын көрсетті.

2020 жылы шыққан iPhone үлгілерінің бәрінде корпус жалпақ және жеті түрлі түсте болады.

Жаңа iPhone аудиодинамигінің астындағы сызық жұмбақ болып қалды. Сарапшылар Face ID және алдыңғы камерасының үстінен динамик қойылады деп болжады. Сонда дисплейге орын босайды. Бірақ инженерлер динамикті және биометриялық датчиктерді кішірейткен.

Сондай-ақ сарапшылар iPhone 12-нің екі өлшемі болады деп отыр. Оның ішінде 5,4-дюйм және 6,1-дюйм. Ал iPhone 12 Pro 6,1-дюйм және 6,7 дюйм болады. Төртеуінде де OLED-дисплей және 5G қосылады дейді.

Бұған дейін iPhone бағасы 30 пайыз арзандауы мүмкін деген болжам айтылған болатын. Сарапшылар мұны App Store-ден қытайлық бағдарламалардың жойылуына байланысты деп отыр.


Өзгелердің жаңалығы