Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

10 Қараша 2019, 10:17
2359
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы жеңіске жетті

Нұр-Сұлтан,  BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBC және WBO титулдары үшін өткен жекпе-жекте 24 жеңіске жеткен қарсыласын нокаутқа түсірді.

Ол Фреснода (АҚШ, Калифорния штаты) өткен бокс кешінде Әлімханұлы (7-0, 3 КО) рингке шықты. Он раундтық жекпе-жекте канадалық Альберт Онолуносемен (24-2-1, 8 КО) жұдырықтасты. Алайда қазақстандық боксшы алтыншы раундта қарсыласын техникалық нокаутқа түсіріп, жекпе-жек уақытынан ерте аяқталды. 

Осылайша Әлімханұлы кәсіби рингтегі сегізінші жеңісіне қол жеткізді. Оның төртеуін нокаутпен аяқтаған болатын. Бокс кешінде   WBC Continental Americas және WBO Global тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғап шықты. Ал Онолуносе кәсіпқой бокста үшінші рет жеңілді.
Өзгелердің жаңалығы