Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығатыны белгілі болды

16 Қаңтар 2020, 09:44
2335
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы рингке қашан шығатыны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Орта салмақта қолғап түйістіретін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) келесі жекпе-жегінің уақыты анықталды. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.

Жәнібектің менеджері Іnstagram-дағы парақшасына спортшының қашан жұдырықтасатынын жазған екен.

Біз рингке наурыз айында ораламыз. Жаңалықтардан хабардар болып отырыңыздар, - деп жазды Klimas Management.
Жәнібек Әлімханұлы соңғы айқасын 9 қарашада Калифорния штатындағы Фресно қаласында өткізді. Ол канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа түсіріп, WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық титулын қорғап шықты.






Өзгелердің жаңалығы