Жұмағұлов UFC-дегі дебютін "Сарбаздар аралында" өткізеді

9 Маусым 2020, 02:37
1325
Бөлісу:
Жұмағұлов UFC-дегі дебютін "Сарбаздар аралында" өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі дебютін Fight Island-да ("Сарбаздар аралы") өткізеді.

Бұл туралы спортшы инстаграм желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Ал, халайық! UFC-дегі жекпе-жек күні мен қарсыласым белгілі болды. Жауынгерлік аралға баруға дайынмын деп айта аламын. Жақында жаңалық естисіз деген ниеттемін. Мен қазір барлығын хабарлауға қуаныштымын, бірақ менде ондай мүмкіндік жоқ. Осы күнді күтудесіз бе? Бұрынғыдай дайындалудамын! Біз Алла Тағалаға сенім артамыз! Халқым мені әрқашан қолдайды, – деп жазды Жұмағұлов.

Өзгелердің жаңалығы