Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 қазанда Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн ашық болады. Тек республиканың оңтүстігі және оңтүстік-шығысында атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Республиканың кей жерінде тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста және оңтүстік-батыста жел күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерінде жел желдің жылдамдығы 5-20 м/с жетеді, түнде және таңертең Жамбыл облысында тұман түсуі ықтимал.
Ақмола, Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады.
Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерінде түнде және таңертең 1-3 градус үсік күтіледі.
Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерінде төтенше өрт қаупі сақталады.