Зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды

16 Маусым 2021, 22:30
1077
Бөлісу:
Зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында зейнеткерге шабуыл жасап, ақшасын тартып алған әйел ұсталды.

Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады. 

Қарағанды облысы Абай ауданының ПБ-на 86 жастағы зейнеткерді тонап кеткені туралы хабарлама алды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келді. Жәбірленуші зейнетақысын алып үйіне бара жатқанда, оған белгісіз әйел шабуыл жасап, күртесінің қалтасынан 130 мың теңге көлеміндегі ақшаны алып, қашып кеткен. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті 41 жастағы әйелді анықтап, ұстады. 

Қаражат алынып, жәбірленушіге қайтарылды. 

Бүгінде ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы