Зейнеткерді тонаған азамат ұсталды

25 Қаңтар 2021, 15:21
1372
Бөлісу:
Зейнеткерді тонаған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарланды Polisia.kz сайтында. 

18 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 65 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Зейнеткер үйінің кіреберісіне кірген кезде оған кенеттен белгісіз ер адам шабуыл жасаған. 

Ол жәбірленушінің қолынан 500 мың теңге салынған әмиянын жұлып алып, қашып кеткен. 

Жәбірленуші зейнеткер күдіктінің 40-45 жас аралығындағы ер адам екенін айтып, оның сырт келбетін сипаттап берді. 

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

22 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 43 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, айғақ заттар алынды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы