Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарт әже тұрғын үйдің 4-қабатының терезесінен секіріп кеткен болуы мүмкін, деп хабарлады Ақтөбе ПД баспасөз қызметі.
"30 қазан күні сағат 08:35-те полиция бөлімшесіне қаладағы Әбілқайыр хан көшесінің бойындағы үйдің маңайында 83 жастағы қарияның денесі жатқаны айтылды. Ол өз пәтерінен секіріп кеткен", - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.