Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады

12 Желтоқсан 2023, 10:25
3521
Бөлісу:
Зейнетақы жинағын алу: 2024 жылы ең төменгі зейнетақы мөлшері қанша болады
Фото: Арман Мухатов - архив

БЖЗҚ 2024 жылға арналған зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ТЖШ – бұл ай сайынғы зейнетақының мөлшерін ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес деңгейде қамтамасыз етуге қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері. Басқаша айтқанда, ең төменгі жеткілікті шегі – бұл салымшының зейнет жасына жеткенде ең төменгі зейнетақы мөлшерінен кем емес зейнетақы төлемдерін алуы үшін шотта қалуға тиіс ең төменгі көрсеткіш.

ТЖШ есептеу Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегін айқындау әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

Жаңа жеткілікті шегі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Әдістемеге сәйкес, 2024 жылға арналған ТЖШ есептеу кезінде 2024 жылға арналған төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер1 пайдаланылды:

1) ең төменгі жалақы мөлшері - 85 000 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 28 215 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері - 57 853 теңге;

4) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы – 43 407 теңге.

Ең төменгі жеткілікті шегінің мөлшерін бұрынғы деңгейде сақтау (2023 жылмен салыстырғанда өсірмей, өзгеріссіз қалдыру) ішінара кірістің болжамды жылдық пайыздық мөлшерлемесінің жоғарылауымен де байланысты. Осылайша, бекітілген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен болжамды есептеулерді ескере отырып, 2024 жылға арналған ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері ағымдағы деңгейде сақталады, - делінген БЖЗҚ мәлімдемесінде.

Мысалы, кестеге қарасақ, 20 жастағы азаматта БЗЖҚ-сында 3 млн теңгеден аса ақшасы қалуы керек.

Жасы Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткілікті шегі, теңге Жасы Зейнетақы жинақтарының төменгі жеткілікті шегі, теңге 

20 

3 260 000 

40 

6 100 000 

21 

3 380 000 

41 

6 270 000 

22 

3 510 000 

42 

6 440 000 

23 

3 630 000 

43 

6 610 000 

24 

3 760 000 

44 

6 780 000 

25 

3 890 000 

45 

6 950 000 

26 

4 030 000 

46 

7 130 000 

27 

4 160 000 

47 

7 310 000 

28 

4 300 000 

48 

7 490 000 

29 

4 440 000 

49 

7 670 000 

30 

4 580 000 

50 

7 860 000 

31 

4 720 000 

51 

8 050 000 

32 

4 870 000 

52 

8 240 000 

33 

5 010 000 

53 

8 440 000 

34 

5 160 000 

54 

8 640 000 

35 

5 310 000 

55 

8 840 000 

36 

5 470 000 

56 

9 040 000 

37 

5 620 000 

57 

9 250 000 

38 

5 780 000 

58 

9 460 000 

39 

5 940 000 

59 

9 670 000 

60-62 

9 890 000 

Өзгелердің жаңалығы