Зейнетақы қорынан 66,5 млрд теңге алынды – Ұлттық банк

12 Наурыз 2024, 10:51
351
Бөлісу:
Зейнетақы қорынан 66,5 млрд теңге алынды – Ұлттық банк
Фото: BAQ.KZ -архив

Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ақпанда қазақстандықтардың зейнетақы қорынан 66,5 млрд ақша уақытынан ерте шешіп алынғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ұлттық қордың активтері жыл басынан 0,3 пайызға ұлғайып, 60,2 млрд долларға жетті. Ал, ақпан айының қорытындысы бойынша инвестициялық табыс 1,44 пайызға немесе 0,87 млрд долларға өсті. Жыл басынан қорға түсетін түсімдер сомасы 912 млрд теңгені, оның ішінде ұлттық валютада 184 млрд теңге болды. Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін трансферт көлемі 1 трлн теңге болды, - деді ол.

Ведомство басшысының сөзінше, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері оң динамиканы көрсетіп отыр.

Осы жылдың басынан зейнетақы активтері 18,4 трлн теңгеге дейін немесе 3,6 пайызға өсті. Инвестициялық табыс көлемі 351,1 млрд теңгеге жетті. Зейнетақы жарналары 396,4 млрд теңге, ал жарнаны мерзімінен бұрын алу сомасы 66,5 млрд теңге болды, - дейді Тимур Сүлейменов.

Еске салсақ, бұған дейін Ұлттық банк басшысы ақпан айында инфляция қарқының төмендегенін айтқан болатын.  Сондай-ақ Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров экономикалық тұрғыда оң өсім көрсеткен өңірлерді атады.

Өзгелердің жаңалығы