Зейнетақы жинақтары: Өтінімдердің жойылу себептері айтылды

25 Қаңтар 2021, 13:20
1672
Бөлісу:
Зейнетақы жинақтары: Өтінімдердің жойылу себептері айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отбасы банк» зейнетақы төлемдерінің бір бөлігін алуға берген өтініштің не себепті жойылатынын айтып берді.

Егер enpf-otbasy.kz онлайн-платформасындағы сіздердің өтінімдеріңіз жойылса немесе жүйе соманы дөңгелектеуіңізді сұраса, онда бұл бірнеше себептерге байланысты болуы мүмкін, - делінген хабарламада.

1. Егер қажет сома «0» деп көрсетілсе, онда сіздің өтініміңіз жойылады;

2. Егер қаражат сомасы қосымша белгілермен көрсетілсе.

Мысалы, «1 000 000» немесе «100 000 000» түріндегі сомаларды жүйе қабылдамай, дөңгелектеуді сұрайды.

Яғни соманы қосымша белгілерсіз «1 000 000» немесе «1 234 567» түрінде көрсету керек;

3. Егер сіз бәрін дұрыс енгізген болсаңыз, жүйені жаңарту немесе қайта кіру керек.

Онлайн платформада жұмыс жасау үшін сізге қолданыстағы ЭЦҚ және nclayer сертификаты қажет. Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алсаңыз болады, - деп жазды «Отбасы банк».

Айта кетейік, зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шара тек компьютерден немесе ноутбуктен тәулік бойы қолжетімді болатынын естеріңізге саламыз.


Өзгелердің жаңалығы