Зейнетақы жинағын туысыңның емі үшін пайдалануға бола ма?

19 Ақпан 2021, 18:29
1795
Бөлісу:
Зейнетақы жинағын туысыңның емі үшін пайдалануға бола ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Зейнетақы жинаған жақын туыстың емі үшін тек бір рет пайдалануға рұқсат етілген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ляззат Ибрагимова айтты.

Оның айтуынша, азамат емдік мақсатта бірнеше жақын туысының зейнетақы жинақтарын пайдалана алады. Алайда оны жақын туыстары қаражатты бір реттен артық аудара алмайды.

Мысалы, отбасындағы бір жанға медициналық қызмет қажет делік. Оның емі үшін жинағын ағасы да, әпкесі де, анасы да аудара алады. Белгіленген тәртіп бойынша, зейнатқы жинақтарын бір адамнан екінші адамға аударуға рұқсат етілмейді. Мысалы сіз анаңызға, анаңыз әпкеңізге деген сияқты. Сондай-ақ қаражатты тек жақын туыстардың емі үшін пайдалануға болады, - деді Ләззат Ибрагимова.

Бұған дейін Зейнетақы жинаған жасанды ұрықтандыру квотасы үшін пайдалануға бола ма? деген сұраққа Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары Гүлнар Сәрсенбаева жауап берген болатын.

Өзгелердің жаңалығы