Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Енді елде зейнет жасына жеткен шақта жұмыссыз қалған азаматтар "Күміс жас" жобасы арқылы жұмысқа орналаса алады, деп хабарлады 24.kz.
Жоба бос жұмыс орындарынан тыс жүзеге асады. Сондай-ақ онда қауіпті және зиянды салалар болмайды. Және жалақының бір бөлігі бюджет қаражаты есебінен субсидияланады. Ғалия Жүрсінова 59 жаста. Ол 3 жылдан бері мамандығы бойынша жұмыс таба алмай жүр. 43 жыл бойы медицина саласына еңбек сіңірген білікті маман енді түрлі қара жұмысқа жегілуге мәжбүр. Оның өзі бірде бар, бірде жоқ.
2010- 2019 жылдың күзіне дейін 38 мектеп-лицейінде медбике саласында қызмет істедім. 7-емханаға қарауына байланысты бас дәрігер шақырып, сіз орынды босатыңыз. Біз жас кадрларды аламыз. сіздердің жастарыңыз келді. Жұмыстан мені босатып жіберді. Жұмыс пока жоқ. Петропавл, Қостанай қаласынан әртүрлі саладан биржадан жұмысқа алады, сіздің жасыңыз келді деген жауап алдық. +02 31 ауылдық жерде жұмыс істеуге фельдшер саласында жұмыс істеуге толық қабілетім жетеді, - дейді қала тұрғыны Бағила Орымбетова.
Елордадағы халықты жұмыспен қамту орталығында 50 жастан асқан 859 азамат тіркелген екен.
Қазір еңбек порталында мыңнан аса жұмыс беруші тіркеуде. Оның ішінде 7 мың бос орын бар. жасқа шектеу қоймайды. 28 топ 3-ке білім, Жалпы еңбек нарығында үздіктер қатарына білім,медицина, қызмет көрсету және құрылыс саласы кіреді. «Күміс жас» жобасы бос жұмыс орындарынан тыс жасалатын болады. Яғни еңбек жағдайлары қауіпті және зиянды сала кірмейді, – дейді жұмысқа орналасуға жәрдемдесу бөлімінің басшысы Бағила Орымбетова.
Гүлнәр Жармұханбетова, қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы: - Бұл жобаға зейнетке шығуына 2 жыл қалған немесе жұмыссыз жүрген азаматтар өтініш бере алады. «Күміс жас» жобасына қатысу мерзімі 12 айдан аспайды. Жобаға бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келе жатқан және тұрақты салық және басқа да әлеуметтік аударымдар жүргізетін, сондай-ақ, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар қатысады, – деді қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Гүлнәр Жармұханбетова.
Жоба арқылы жұмыс берушілер жалақының 50 процентін төлейді. Ал зейнетке жақындаған азаматтарға еңбекақының тең жартысы мемлекет тарапынан субсидияланады.
Екінші шарт субсидияның мөлшері 30 АЕК-тен көп болмауы тиіс. Яғни егерде жұмыс беруші жаңа қызметкерге 200 мың теңге жалақы қоятын болса,оның 90 мың теңгеден астамы бюджет есебінен субсидияланады. Және одан кейінгі шарты осы 12 ай жалақысының субсидияланатын мерзімі өткеннен кейін жұмыс беруші осы азаматты өзінің кәсіпорынына, мекемесіне тұрақты жұмысқа алуға міндетті, – деді ҚР ЕХӘҚМ департаментінің басшысы Руслан Тілеубаев.
«Күміс жас» жобасы арқылы жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты жер бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне немесе Еnbek электрондық еңбек биржасына жүгіну қажет.