Зерттеу: Қазақстандық жасөспірімдердің 3 пайызы күнде энергетикалық сусын ішеді

28 Ақпан 2023, 17:54
1175
Бөлісу:
Зерттеу: Қазақстандық жасөспірімдердің 3 пайызы күнде энергетикалық сусын ішеді
Фото: medvesti.com

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы ДДҰ-ның еліміздегі Елдік кеңсесімен бірігіп әзірлеген «Қазақстан оқушыларының өмір салты факторлары, олардың физикалық денсаулығы мен әл-ауқаты» есебінде белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Зерттеуге сәйкес, оқушылардың 61,1 пайызы (64,4 пайыз – ұлдар, 57,6 пайыз – қыздар) жұмыс күндері күн сайын таңғы ас ішетін болып шықты. 15 жасқа қарай қыздардың үштен бір бөлігі мен ұл балалардың бестен бір бөлігі таңертең мектепке барарда тамақ ішпейді.  2018 жылы жүргізілген алдыңғы зерттеулермен салыстырғанда, күнделікті таңғы ас ішетіндер саны 62,6 пайыздан 61,1 пайызға дейін төмендеген. 

Жасөспірімдердің төрттен бір бөлігі (26,5 пайыз) күн сайын жеміс-жидек жесе, үштен бірі (36,1 пайыз) көкөніс жейді. Олардың басым көпшілігі қыз балалар екендігі белгілі болды.

 2022 жылы күнде жеміс-жидек пен көкөніс жеу деңгейі төмендеген. 

Сондай-ақ жасөспірімдердің 14,4 пайызы күнделікті құрамында қант бар сусындар мен газдалған сусындарды тұтынады. Бұл көрсеткіш қыздарға қарағанда ұлдарда жоғарырақ. Тәтті сусындарды күнде тұтынуға құмарлық 15 жасқа қарай арта түседі. Апта сайын (күніне 1-ден 5-6 ретке дейін) балалардың 66,6 пайызы тәтті сусын ішуге құмартқан, - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар қыздар ұлдарға қарағанда кәмпит пен шоколадты көбірек жейтіні анықталды.  

Өзгелердің жаңалығы