Зерттеу: Қазақстанда медицинаға сенім артып келеді

26 Маусым 2024, 20:36
337
Бөлісу:
Зерттеу: Қазақстанда медицинаға сенім артып келеді
Фото: STADA Health Report

Дәстүрлі халықаралық STADA Health Report 2024 зерттеуінің нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

11-ші рет жарияланып отырған зерттеу онлайн анкета көмегімен 23 елде жүзеге асты. 18 жастан 99 жасқа дейінгі 46 000 респондент өз еліндегі денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қанағаттану деңгейі мен оны жақсарту шаралары туралы сұрақтарға жауап берді. Зерттеу авторлары психикалық денсаулық, өзіңе көңіл бөлу, қарттық пен жалғыздыққа бола алаңдау, жеке бақыт және сырт келбетіңе қанағаттану секілді тақырыптарды қозғады.

Қазақстанда зерттеу үшінші жыл қатарынан жүрді, Өзбекстан тұрғындары оған екінші рет қатысты. Бұл екі елдің мәдениеті мен менталдық ерекшелігі бір-біріне жақын болса да, Қазақстан мен Өзбекстан тұрғындарының жауаптары бір-бірімен үнемі сәйкесе бермейді.

STADA Health Report зерттеуін 2014 жылдан бері жүргізіп келеміз. Осы уақыт ішінде зерттеу шын мәнінде халықаралық деңгейге шықты, біз түрлі ел мен әртүрлі аймақтың нәтижесін салыстыру мүмкіндігіне ие болдық. Еуразия аймағынан екі елдің есепке кіргеніне қуаныштымын. Біз үнемі зерттеу нәтижесін жалпы көпшілікке ұсынамыз, денсаулық сақтау жүйесінде қызмет ететін мамандар сала жұмысының маңызды аспектілері туралы қоғамдық пікірді білсе, ел тұрғындары өз денсаулығына байланысты мәселелерге қалай қарайтынынан хабардар болса дейміз, - деді STADA компаниясының Еуразия аймағындағы вице-президенті Арминас Мацевичус.

Зерттеу жүргізілген елдерде денсаулық сақтау жүйесінің жай-күйіне қанағаттану деңгейі төмендеумен келеді, Қазақстан да осы елдер қатарында. Қазақстандық респонденттердің 67%-ы ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына көңілі толмайтынын айтады (былтырғы нәтижеге +10%), 27%-ы ғана олардың жұмысын қанағаттанарлық деп бағалайды. Дегенмен, бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан көш басында емес екенін айтқан жөн. 

Мысалы, Ұлыбритания тұрғындары ДС жүйесінің жұмысына мейлінше күмәнмен қарайды (минус 11%), ал көптеген елдегі қоғамдық пікірге сай «жағдайы жақсы» Германияда 8%-ға дейін төмендеген. ҚР денсаулық сақтау жүйесін оң бағалауға ықпал еткен себептер: дәрігер немесе фармацевт дұрыс кеңес беріп, көмек көрсете алады (45%); қажетті профилактикалық медицина қызметі бар (42%); керек кезінде дәрі сатып ала алу мүмкіндігі (35%).

Зерттеу жүргізілген елдердің барлығында дерлік денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қанағаттану көрсеткіші төмендеген, бұл Қазақстанға да тән. Сонымен бірге қазақстандық респонденттердің айтарлықтай бөлігі дәстүрлі медицинаға сенеді, медицина қызметкерлері денсаулық сақтау жүйесінің біртұтастығын ұстап тұруда шешуші рөл ойнайды, бұл үміт сыйламай қоймайды. Есеп нәтижесінен қазақстандықтардың елдегі медициналық қызметтің ұйымдастырылуы мен көрсетілуіне қатысты сұрақтары бар екенін көруге болады. Ең бастысы да осы, елде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жақсартуға қоғам тарапынан сұраныс бар және тұрғындар түйткілді мәселелерді түсінеді, бұл әрі қарайғы жұмысты жеңілдетеді, - дейді «Қазақстан+» кластерінің жетекшісі Наталья Гарипова.

Денсаулық сақтау саласына жауапты тұлғалардың осы салада жұмыс тәжіриесі болуы керек деп санайтын қазақстандық респонденттердің үлесі 69%, Еуропадан айтарлықтай жоғары (48%). Респонденттердің 42%-ы денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жақсарту отандық дәрі-дәрмек өндірісінің дамуына жол ашады десе, 37%-ы мамандарды тарту үшін олардың жалақысын көтеру керек деп санайды.

Қазақстандықтардың 17%-ы дәстүрлі медицинаны күмәнсіз қолдайды, 40%-ы жалпы сенеді, бірақ кей мәселелерді өз бетінше интернеттен іздеп зерттейді, тек 23%-ы ғана дәстүрлі медицинаның ұсынымдарына күдікпен қарайды. Дәрігерлер мен фармацевтер сияқты денсаулық сақтау саласындағы тәжірибелі практик мамандардың болуы, дәстүрлі медицина өзінің тиімділігін дәлелдеуі сенім білдірудің негізгі себептері қатарында.

Өзгелердің жаңалығы