Өзендегі көбіктің пайда болуы әзірге анықталмады – Министрлік

24 Шілде 2020, 23:46
1452
Бөлісу:
Өзендегі көбіктің пайда болуы әзірге анықталмады – Министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінен шығып жатқан көбік туралы видео жарияланған. Экологтар мен полицейлер Қарғалы өзенінің көбіктенуі оқиғасын тексеріп жатыр, деп хабарлайды Экология министрлігі.

Видео авторы көбіктің қайдан пайда болғаны белгісіз екендігін, судан ұнтақтың иісі мүңкіп тұрғанын айтады.

Әлеуметтік желіде бейнеролик пайда болғаннан кейін экология департаментінің мамандары дереу оқиға орнына барып, зертханалық зерттеу үшін су сынамаларын алған. Олар келген кезде су таза болған. Дегенмен сынамалар алынып, көбіктің қайдан шыққанын іздеуге полиция мен әкімдіктер жұмылдырылды.


Өзендегі көбіктің пайда болуы әзірге анықталмады. Егер заң бұзушылықтарды анықтасақ, мемлекеттік қызметкерлер мен заңды және жеке тұлғаларды жауапкершілікке тартамыз, - деп мәлімдеді Экология министрлігінің экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов.


Өзгелердің жаңалығы