Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен аптада Елена Зеленскаяның коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды.Президенттің әйелі Елена Зеленская Киевтегі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлады korrespondent.net.
Өткен аптада ПТР-тексеруден кейін бірінші ханымнан коронавирус індеті табылды. Қазір Елена Зеленскаяның диагнозы: COVID-19.Екіжақты полисегментарлы пневмониямен жатқан бірінші ханымның жағдайы орташа. ДН 0. Оттегінің дотациясын қажет етпейді. Жағдайы тұрақты, - делінген хабарламада.
Президенттің жұбайы оқшаулауда, қазір дәрігерлердің бақылауында. Кеше өткізілген кезекті COVID-19 сынамасы Владимир Зеленский мен балаларында вирустың жоғын көрсетті.