Киев режимінің басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай үш күндік бітім жариялау туралы ұсынысын іс жүзінде қабылдамады. Бұл туралы ол өзінің кешкі бейнеүндеуінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі EADaily агенттігіне сілтеме жасап.
Ол Путиннің ұсынысын "манипуляцияның тағы бір әрекеті" деп атады.
Енді міне кезекті манипуляция: бәріміз 8 мамырды күтуіміз керек, содан кейін ғана атысты тоқтатып, Путиннің парады кезінде тыныштық қамтамасыз етілуі тиіс екен… Біз 8 мамырды күтудің қажеті жоқ деп санаймыз. Бірден, толық әрі сөзсіз атысты тоқтату – кем дегенде 30 күнге созылатын, сенімді әрі кепілдік берілген тоқтату – шынайы дипломатияның негізі бола алады, - деді Зеленский.
Бұған дейін EADaily агенттігі хабарлағандай, Ресей Федерациясының президенті, Қарулы күштердің Жоғарғы бас қолбасшысы Владимир Путиннің шешімімен Ресей жағы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы күндері Украинамен бітім жариялаған болатын. Бұл туралы кеше, яғни 28 сәуірде Кремльдің баспасөз қызметі мәлімдеген еді.
…Владимир Путиннің шешімімен, гуманитарлық мақсаттарды басшылыққа ала отырып, Жеңістің 80 жылдығы күндері – 7 мамырдан 8 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ден бастап 10 мамырдан 11 мамырға қараған түнгі сағат 00:00-ге дейін – Ресей жағы бітім жариялайды. Осы кезеңде барлық әскери қимылдар тоқтатылады, - деді Кремль өкілдері.