Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский: Путинді Түркияда күтемін

12 Мамыр 2025, 09:31
523
Бөлісу:
 Heikki Saukkomaa/Lehtikuva/AFP via Getty Images
Фото: Heikki Saukkomaa/Lehtikuva/AFP via Getty Images

Украина президенті Владимир Зеленский өзінің Телеграм-арнасында Түркияда Путинмен жеке кездесуді күтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, Украина атыстың толықтай тоқтағанын күтіп отыр.

Сонымен қатар Украина көшбасшысы Ресей кез келген жағдайда соғысты аяқтауға мәжбүр екенін айтты. Ал украиналық күш қарсы тарапқа олардың әрекетіне қарай жауап береді.

Бізде Украинада келіссөз жүргізу үшін ешқандай проблема жоқ – біз кез келген форматқа дайынбыз. Мен осы бейсенбі, 15 мамырда Түркияда Путинді күтемін. Жеке. Путин бұл жолы сылтау іздемейді деп үміттенемін. Біз соғысты аяқтау туралы сөйлесуге дайынбыз. Бейсенбі, Түркия, - деп жазды Зеленский.

Өзгелердің жаңалығы