Зеленский Назарбаевтың Путинмен кездесуге шақыруына қатысты пікір білдірді

21 Қараша 2019, 11:59
5077
Бөлісу:
Зеленский Назарбаевтың Путинмен кездесуге шақыруына қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украина президенті Владимир Зеленский Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі туралы айтты. Зеленскийдің баяндамасын ТСН Facebook-те жариялады, деп жазады Lenta.ru.

Зеленский Назарбаевпен Донбаста бейбітшілік орнату туралы сөйлескенін айтты. Назарбаев оған Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу туралы ұсынғанын да атап өтті. Елбасы Зеленскийге екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсарту үшін "тет-а-тет" кездесу керек деген.

Зеленский Донбастағы жағдайды реттеу және территорияны қайтару үшін кездесудің түрлі форматына дайын екенін, дегенмен кездесудің "норманд" үлгісі қолдайтынын айтып, жауап берген.

Айта кетсек, қарашада Назарбаев Путин мен Зеленскийге Қазақстанда кездесу ұйымдастыру туралы ұсыныс айтқан болатын. Владимир Путин Елбасының ұсынысы қатысты пікір білдіргенде "Украина мәселесін тек көршілерімен шешуі керек" деді.
Өзгелердің жаңалығы