Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Зеленский мен Трамп бейбітшілік пен қорғаныс серіктестігін талқылады

6 Тамыз 2025, 00:30
664
Бөлісу:
 Brian Snyder / Reuters
Фото: Brian Snyder / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесіп, майдандағы жағдай мен екіжақты әріптестікті талқылағанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ DW порталына сілтеме жасап.

Біз АҚШ Президентіне шынайы және ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу жолындағы қолдауы үшін алғысымызды білдірдік. Кісі өлімін мүмкіндігінше тезірек тоқтату қажет – бұл мәселе бойынша ортақ ұстанымдамыз, - деді Зеленский.

Зеленскийдің айтуынша, тараптар қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты, оның ішінде дрондарды жеткізу бойынша келісімді де талқылаған.

Бұл – ең күшті мәмілелердің бірі болуы мүмкін, - деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Қазіргі уақытта ресми Вашингтон бұл келіссөзге қатысты түсініктеме берген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы