Зеленский Иранның ұшақты атып құлатқанын мойындауына қатысты пікір білдірді

11 Қаңтар 2020, 13:37
16897
Бөлісу:
Зеленский Иранның ұшақты атып құлатқанын мойындауына қатысты пікір білдірді

Алматы, BAQ.KZ. Киев Тегераннан өз кінәсін толық мойындауын, ашық тергеу ісін және өтемақы төлеуін күтеді.


Украина президенті Владимир Зеленский Telegram-каналында Иранның ұшақты атып құлатқанын мойындағанына қатысты пікір білдірді.
Бүгінгі таң жақсы болмады, біз шындықты білдік. Халықаралық комиссия жұмысын аяқтағанға дейін Иран украиналық ұшақтың апатқа ұшырауына қатысты өз кінәсін мойындады. Дегенмен кінәні толықтай мойындауын талап етеміз. Ираннан кінәлі әскерилерді жауапқа тартатын тоықтай ашық тергеу жүргізуін күтеміз. Қаза тапқандардың мүрдесін қайтару мен өтемақы төлеуін және дипломатиялық жолмен ресми кешірім сұрауын күтеміз, - деді Владимир Зеленский.
Зеленский алдағы тергеу ісінде түрлі бөгеттер мен кешеуілдеулер орын алмауын, сондай-ақ 45 украиналық маманның бұл істе біріге жұмыс атқаруы үшін толық рұқсатқа қол жеткізуі керектігіін мәлімдеді.

Бұған дейін Роухани ұшақтың апатқа түсуіне өкініш білдіргенін хабарлағанбыз.
Өзгелердің жаңалығы